oC

Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының
Қостанай қаласы білім бөлімінің
«№69 бөбекжай-бақшасы» КМҚК

Түзету-дамыту қызметі

1. «№69 бөбекжай-бақшасы» КМҚК-де балалармен түзету жұмыстарын жүргізуге барлық жағдай жасалған. Медициналық блок, физиотерапия кабинеті, массаж және емдік дене шынықтыру кабинеті бар. Травматолог-ортопед және невропатолог дәрігерлердің тағайындауы бойынша массажист пен мейірбике жұмыс жүргізеді.

2. Жарық әрі кең спорт залы, бассейн бар. Ортопедиялық бұзылыстарды түзету үшін спорт залы қажетті құрал-жабдықтармен толық жабдықталған: жұмсақ модульдер, балалар тренажерлері, спорттық кешендер, түрлі түзету жолақтары, жүзу бассейні. Сонымен қатар логопед, дефектолог және психолог кабинеттері бар, онда мамандар түзету жұмыстарын жүргізеді.

Кеңес беру пункті

«№69 бөбекжай-бақшасы» КМҚК-нің кеңес беру пунктінде ата-аналар мектепке дейінгі балаларды тәрбиелеу, дамыту және оқыту мәселелері бойынша әдістемелік және психологиялық көмек ала алады. Мамандар:

  • балаға жеке ұсыныстар береді;
  • отбасы мен балабақша арасындағы өзара байланысты қалыптастыруға көмектеседі;
  • заманауи тәрбиелеу әдістерімен бөліседі.

Логопед мұғалім балалардың сөйлеуін диагностикалап, дыбысты дұрыс айту, сөздік қоры, грамматикалық құрылымы және байланыстырып сөйлеуді дамыту бойынша ата-аналарға ұсыныстар береді. Мейірбике дұрыс тамақтану, шынықтыру, күн тәртібі және вакцинация мәселелері бойынша кеңес береді. Педагог пен ата-ананың бірлескен жұмысы — баланың сөйлеуін сәтті дамытудың кепілі. Бірге — әр баланың табысты дамуы үшін!

Инновациялық алаң

Әр баланың жан-жақты дамуына және әлеуетін ашуға қолайлы жағдай жасау мақсатында «№69 бөбекжай-бақшасы» КМҚК педагогтары 3–5 жастағы балаларға арналған «Инжудің көңілді оқиғалары» геймбукін әзірледі. Бұл мектепке дейінгі жастағы балаларға арналған ойындардың құнды жинағы болып табылады. Жинақтың өзектілігі — ойын барысында түрлі әдістемелік тәсілдерді қолдану арқылы ұсақ моториканы дамытуға бағытталған. Жаңашылдығы — «Бусоград» технологиясын қолдану арқылы балалардың шығармашылық белсенділігін дамытуға ықпал етеді. Инновациялық алаң жұмысы аясында шығармашылық топ мүшелері педагогтарға арналған семинарлар мен шеберлік сыныптарын өткізеді. Барлық топ тәрбиешілері ойын жинақтарын ұйымдастырылған оқу қызметінде және ойын әрекеттерінде қолданады.

Ата-аналармен жұмыс

Ата-аналармен жұмыс — «№69 бөбекжай-бақшасы» КМҚК қызметінің маңызды бағыты. Ол отбасы мен балабақша арасындағы тәрбиелеу мен дамытудағы талаптардың бірлігін қамтамасыз етуге бағытталған.

Мақсаты — педагогтар мен ата-аналар арасында серіктестік қарым-қатынас орнату, ата-аналардың педагогикалық мәдениетін арттыру, оларды білім беру процесіне белсенді тарту.

Негізгі жұмыс түрлері:

  • ата-аналар жиналыстары (жалпы және топтық);
  • жеке консультациялар (психолог, логопед, әдіскер және т.б.);
  • ашық есік күндері, шеберлік сыныптары;
  • сауалнама жүргізу, кері байланыс;
  • көрмелерге, акцияларға, байқаулар мен жобаларға қатыстыру;
  • мессенджерлер арқылы онлайн байланыс.

Жүргізілген жұмыс нәтижесінде ата-аналардың педагогикалық сауаттылығы артып, балабақша іс-шараларына белсенділігі күшейді, педагогтар мен ата-аналар арасындағы өзара түсіністік жақсарды, сенім деңгейі артты.

Балалардың шығармашылығы

«№69 бөбекжай-бақшасы» КМҚК-де балалардың шығармашылық дамуына ерекше көңіл бөлінеді. Музыка мектепке дейінгі жастағы балалардың дамуында маңызды орын алады.

Ән, ойын, би арқылы бала эмоциясын, қиялын және шығармашылық қуанышын білдіреді. Музыкалық жаттығулар:

  • есту қабілетін, ырғақ сезімін және дауысын дамытады;
  • эмоциялық сезімталдықты қалыптастырады;
  • өнерге қызығушылықты арттырады;
  • халық музыкасына сүйіспеншілікті тәрбиелейді;
  • баланың өзіне деген сенімін нығайтады.

Балабақшада музыка — бұл тек әрекет емес, ол баланың тұлғалық дамуының маңызды құралы.

Әдістемелік жұмыс

«№69 бөбекжай-бақшасы» КМҚК-нің әдістемелік жұмысы педагогтардың кәсіби деңгейін арттыруға, заманауи технологияларды енгізуге және білім беру сапасын жетілдіруге бағытталған.

Мақсаты — педагогтардың шығармашылық әлеуетін дамыту және мектепке дейінгі білім сапасын қамтамасыз ету.

Негізгі бағыттары:

  • семинарлар, педагогикалық сағаттар, консультациялар ұйымдастыру;
  • озық тәжірибені зерттеу және тарату;
  • жас мамандарға тәлімгерлік қолдау көрсету;
  • педагогикалық қызметті мониторингтеу және талдау.