oC

Ата-аналарға арналған консультациялық пункт жұмысы аясында
«Жазғы кезеңдегі қауіпсіздік негіздері» ☀️🌿 тақырыбында кеңес өткізілді.

Ата-аналарға жаз мезгілінде балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету
бойынша ұсыныстар берілді: көшеде, су жағасында, серуендеу және белсенді
демалыс кезінде. Жарақаттың алдын алу, жол қозғалысы қауіпсіздігі
ережелерін сақтау, күн сәулесінен қорғану және балалардың қауіпсіз
мінез-құлық дағдыларын қалыптастыру мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Ата-аналар үшін жазғы кезеңдегі қауіпсіздіктің негізгі ережелері
қамтылған жадынама дайындалды.


Елімізде балаларды терезеден құлаудан қорғауға бағытталған «Терезе – SAFE» республикалық науқаны басталды

⚠️«Қазақстан балалары» тұжырымдамасын іске асыру аясында елімізде «Терезе-SAFE» ауқымды ақпараттық науқаны басталды. Бастаманың мақсаты жазатайым оқиғалардың алдын алып, балалардың терезеден құлауына жол бермеу. Статистикаға сүйенсек, 2025 жылдың қорытындысы бойынша мұндай оқиғалар 2023 жылмен салыстырғанда 1,8 есеге артқан. Қауіп тобында негізінен 2 мен 5 жас аралығындағы бүлдіршіндер тұр.

⏱️ Науқанның негізгі элементі- әр отбасының күнделікті өміріне «Қауіпсіздік минуты» ережесін енгізу. Ережеге сәйкес ата-аналар күн сайын үй ішін қысқаша тексеріп шығу әдетін қалыптастыруы керек. Тексеру кезінде терезе бұғаттағыштарының беріктігіне және терезе алдында бала шығып кететін жиһаздың тұрмауына баса назар аудару қажет. Басты мақсат -әрбір ата-ананың бойында тұрмыстық қауіпсіздік дағдысын қалыптастыру.

👨‍👩‍👧‍👦 Науқан аясында өңірлерде атқарылатын іс-шаралар:

🏫 Білім беру саласында:
Мектептер мен балабақшаларда «Қауіпсіз үй» тақырыбында сабақтар мен арнайы мамандардың қатысуымен ата-аналар жиналысы өткізіледі.

🏢 Тұрғын үй секторында:
Үй басқарушыларымен және белсенді тұрғындармен бірлесіп, терезелерге арнайы құлыптар орнату және қауіпсіздік ережелері жазылған ақпараттық парақшаларды тарату жұмыстары ұйымдастырылады.

🏥 Денсаулық сақтау саласында:
Жаңа туған нәрестелерді патронаждық тексеру кезінде медицина қызметкерлері үй ішіне шағын «қауіпсіздік аудитін» жүргізіп, ата-аналарға нақты кеңестер береді.

📢 Науқан мемлекеттік органдардың, үкіметтік емес ұйымдардың, жұртшылық пен БАҚ-тың тығыз ынтымақтастығы арқылы жүзеге асады. Бірлескен күш-жігер ересектердің бала өміріне деген жауапкершілігін арттырып, әр үйде қауіпсіз орта құруға бағытталған. Бұл жұмыс еліміздің барлық өңірінде балалар қауіпсіздігінің біріңғай стандарттарын қалыптастыруға және жарақат алу қаупін жүйелі түрде азайтуға мүмкіндік береді.

Терезе – SAFE



Ата-аналарға арналған кеңес беру пунктінің жұмысы аясында сіздердің
назарларыңызға ересектердің жеке үлгісі, сөзсіз сүйіспеншілік , баланы
тыңдай білу, бірыңғай талаптар және отбасында өзара құрмет ортасын құру
туралы "Отбасындағы қарым-қатынас" жадынамасын ұсынамыз.
👨‍👩‍👧 Отбасы – баланың алғашқы мектебі.
Сенімділік, өзін-өзі бағалау және қауіпсіздік сезімі үйде қалыптасады.
Біз әрқашан ынтымақтастық пен ашық диалогқа ашықпыз!


ЖРВИ-дің алдын алу — балалардың денсаулығына қамқорлық жасаудың маңызды бөлігі 🌿
Консультациялық пункт жұмысы аясында біз ата-аналармен маусымдық жұқпалы аурулар кезеңінде мектепке дейінгі жастағы балалардың денсаулығын сақтау бойынша ұсыныстар берілген жадынамамен бөлісеміз. Бірге салауатты балалық шақ үшін жағдай жасаймыз 🤍


Жалпы балабақша жанындағы консультациялық пункттің жылдық жұмыс жоспарын
іске асыру аясында логопед-мұғалім Кулинич Т.Н. ата-аналарға
артикуляциялық праксисті қалыптастыру мәселелері бойынша кеңес береді,
ал медицина қызметкері ата-аналарға күн тәртібі, тамақтану және екпе
мәселелері бойынша кеңес өткізеді.

План работы консультационного пункта


Консультациялық пункт жұмысы шеңберінде ата-аналарға арналған мобильді қосымшаға қысқаша шолу. «Беске дейін үлгер» қосымшасы ата-аналарға үй жағдайында балаларға денсаулық, тамақтану, тәрбие, дағдыларды дамыту және балалармен өзара әрекеттесу сияқты маңызды мәселелер бойынша қолжетімді әрі түсінікті контент ұсынады. Қосымшадағы барлық материалдар нейробиологиялық зерттеулердің ғылыми деректеріне негізделіп әзірленген, бұл олардың тиімділігі мен практикалық құндылығын қамтамасыз етеді.


Витаминный календарь для детей

Закаливание детей

Как привить детям трудолюбие

Как организовать летний отдых детей

Развитие связной речи детей дома

Развивающие игры для детей

Режим дня в жизни ребенка


Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қазақ тілінің ұлтаралық қатынас
тілі ретіндегі рөлін күшейту қажеттігін атап өтті.


Осыған орай, біздің бөбекжай базасында 2024 жылдың 1 қыркүйегінен
бастап жүзеге асырылып келе жатқан «Тілге бойлау» жобасы әзірленді.
Балалардың алғашқы әлеуметтік қарым-қатынас дағдылары үлкендермен және
айналасындағы құрдастарымен қарым-қатынас жасау кезінде қалыптасады.
Мектеп жасына дейінгі балалардың тілін дамыту негізінің маңызды шарты
олардың ата-аналарымен тығыз қарым-қатынасы болып табылады.

Өйткені,отбасы – қоғамның бірлігі, ұлттық салт-дәстүрдің сақтаушысы.
Балабақша мен отбасының өзара әрекеттесуі мектеп жасына дейінгі
балалардың қазақ тілін меңгеру іс-әрекетін жан-жақты дамытудың қажетті
шарты болып табылады, өйткені педагогтар мен ата-аналар бірлесе әрекет
еткенде жақсы нәтиже байқалады.