Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық құрылтайдың «Әділетті
Қазақстан – Адал азамат» атты екінші отырысында сөйлеген сөзінде балалар
арасында жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтарды дәріптеудің
маңыздылығын атап, білім беру ұйымдарындағы тәрбие ісіне ерекше назар
аударуды тапсырды.
Қойылған міндеттерді іске асыру үшін 2024-2025 оқу жылында "Қостанай
қаласы білім бөлімінің №69 бөбекжай-бақшасы" КМҚК "Біртұтас
тәрбие"тәрбие бағдарламасы енгізілді.
Мақсаты қазақстандық мәдениет құндылықтары негізінде азаматтық
жауапкершілік пен патриотизм, парасаттылық пен адалдық, ар-ұждан,
рухани-адамгершілік қасиеттерін бойына сіңірген, үйлесімді дамыған тұлға
қалыптастыру болып табылады.