oC

ҚМҚҚ «№69 ясли-бақшасында» балалармен түзету жұмыстарын жүргізуге барлық жағдай жасалған. Мұнда медициналық блок, физиопроцедура бөлмесі, массаж және емдік дене шынықтыру кабинеттері бар. Осы кабинеттерде травматолог-ортопед және невропатолог дәрігерлердің тағайындауы бойынша массажист пен медбике жұмыс жүргізеді.

Мекемеде жарық әрі кең спорт залы мен бассейн бар. Ортопедиялық ауытқуларды түзету мақсатында спорт залы қажетті құрал-жабдықтармен толық қамтамасыз етілген: жұмсақ модульдер, балаларға арналған жаттығу құрылғылары, спорттық кешендер, әртүрлі түзету жолақтары және жүзу бассейні бар. Сонымен қатар, ясли-бақшада логопед, дефектолог және педагог-психолог кабинеттері жұмыс істейді, онда мамандар арнайы түзету жұмыстарын жүргізеді.