oC

Мемлекеттік тіл саясатын іске асыру мақсатында мектепке дейінгі ұйым мен бастауыш мектептің сабақтастығы шеңберінде Қостанай қаласы білім бөлімінің "№69 бөбекжайы" КМҚК мектепке дейінгі ұйым мен бастауыш мектептің сабақтастығы аясында ағымдағы жылдың 10 наурызында сағат 17.00-де "Қостанай қаласының физика-математикалық лицейі" КММ бастауыш сыныптардағы директордың оқу жұмысы жөніндегі орынбасары А.С. Сұлтановтың, "Мариям Хәкімжанова атындағы №20 жалпы білім беретін мектебі" КММ директордың оқу жұмысы жөніндегі орынбасары Ж.К.Окасованың қатысуымен "Балалардың бірінші сыныпқа қабылдануы" тақырыбында ата-аналар жиналысы өткізілді.

Кездесуде келесі мәселелер қарастырылды:

  • балаларды 1-сыныпқа қабылдау тәртібі;
  • тапсыратын қажетті құжаттар;
  • бірінші сынып оқушыларын оқыту және даярлау ерекшеліктері;
  • ата-аналардың сұрақтарына жауаптар.

Кездесу барлық қатысушылар үшін нәтижелі болды.