Облыстық «Терезедегі бақша» жобасы аясында балабақшаның барлық топтарында терезе алдындағы шағын бақшалар ұйымдастырылды. Бұл жоба балалардың экологиялық мәдениетін қалыптастыруға, танымдық қызығушылығын және еңбек дағдыларын дамытуға бағытталған.
Өсімдіктерді күту барысында тәрбиеленушілер олардың өсуін бақылап, табиғатқа қамқорлықпен қарауды, су, жарық және жылудың өсімдік үшін маңызын түсінуді үйренеді. «Терезедегі бақша» жұмысы балалардың жауапкершілігін, қызығушылығын арттырып, экологиялық тәрбиенің негіздерін қалыптастырады.




