oC

Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Қостанай қаласы білім бөлімінің №69 балабақша» КМҚК-да өрт қауіпсіздігі қағидаларын сақтау, өрттің алдын алу және кәмелетке толмаған балаларды қараусыз қалдыруға жол бермеу жөніндегі айлық аясында тәрбиеленушілермен бірқатар профилактикалық іс-шаралар ұйымдастырылып, өткізілді.

Балалармен «От – адамның досы әрі жауы», «Өрт кезіндегі мінез-құлық ережелері», «Шұғыл қызметтердің телефон нөмірлері» тақырыптарында әңгімелер мен ұйымдастырылған іс-әрекеттер өткізілді.

Өрт кезіндегі дұрыс іс-қимыл дағдыларын қалыптастыру мақсатында эвакуациялық ойындар, «Өрт сөндірушілер көмекке асығады» сюжеттік-рөлдік ойыны, өрт қауіпсіздігі ережелерін бекітуге арналған дидактикалық ойындар, сондай-ақ балалардың шапшаңдығын, зейінін және тәртіптілігін дамытуға бағытталған қимылды және дамытушы ойындар ұйымдастырылды.

Тәрбиеленушілерге өрт қауіпсіздігі қағидалары туралы танымдық бейнероликтер мен мультфильмдер көрсетіліп, олардың мазмұны балалармен бірге талқыланды.

Сонымен қатар ата-аналармен түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Балалардың қауіпсіз мінез-құлық дағдыларын қалыптастыру, тұрмыстық жағдайда өрттің алдын алу және балаларды қараусыз қалдырмау мәселелері бойынша кеңестер берілді.

Өткізілген іс-шаралар тәрбиеленушілердің өрт қауіпсіздігі туралы түсініктерін кеңейтуге, төтенше жағдайда дұрыс әрекет ету дағдыларын қалыптастыруға және өз қауіпсіздігіне жауапкершілікпен қарауға бағытталды.