Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Қостанай қаласы білім бөлімінің №69 бөбекжайы» КМҚК-да бөбекжайдың психологиялық-медициналық-педагогикалық консультациясының отырысы өтті.
Отырыс жұмысына шақырылған мамандар: қалалық ПМПК басшысы А.В. Жигайло, «Қостанай қаласының білім бөлімі» ММ мектепке дейінгі бөлімінің аға әдіскері Т. Б. Жихарева, Мектепке дейінгі бөлімнің әдіскері Меден Тілеужан қатысты.
Отырыс барысында комиссияның жылдық жұмыс жоспары мен құрамы, тірек-қимыл аппараты бұзылған балаларға арналған арнайы топ тәрбиеленушілерінің ПМПК қорытындылары, балалардың жас және жеке ерекшеліктерін ескере отырып, олардың даму деңгейіне мониторинг нәтижелері, жаңа оқу жылында тәрбиеленушілерді кешенді сүйемелдеуді ұйымдастыру қаралды.
Отырыс қорытындысы бойынша одан әрі жұмыстың негізгі бағыттары айқындалып, тиісті шешімдер қабылданды.





