Балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, жазатайым оқиғалардың алдын алуға және балалардың терезеден құлап кету қаупін азайтуға бағытталған профилактикалық іс-шаралар, сондай-ақ ата-аналарға арналған консультациялық пункттің жұмысы аясында назарларыңызға «Абайлаңыз, терезе!» атты жадынаманы ұсынамыз.
Жадынамада жазатайым оқиғалардың алдын алуға көмектесетін қарапайым, бірақ маңызды қауіпсіздік ережелері жинақталған.
Баланың қауіпсіздігі ересектердің жауапкершілігінен басталады!
Балаларыңызды қорғаңыздар және есте сақтаңыздар: ересектердің бір сәттік немқұрайлылығы қайғылы жағдайға әкелуі мүмкін.





